Ауызекі сөйлеу
стилі

Күнделікті қарым-қатынас, негізінен, ауызекі тілдесу арқылы жүзеге асады. Ауызекі сөйлеу барысында өзіндік мақсат, тілдік құрылым, қолданыс ерекше ліктері байқалады. Мақсаты: кеңесу, көзбе-көз тілдесу, пікірлесу, ой бөлісу. Қолданылу аясы: еркін әңгіме – сұхбат, дауласу, көпшілік алдында сөйлеу. Стильдік сипаты: сөздер мен сөз тіркестерін еркін қолдану, даярлықсыз өткізілуі, ым-ишара қолдану. Сөйлеу тілінің ерекшеліктері, тілдік амал-тәсілдері:
• лексикалық ерекшеліктері: қарапайым, бейтарап, диалект, кәссіби, ауыспалы мағынадағы бейнелі сөздер, метонимия, ɷвфемизм еркін қолд нылады;

• фонетика-морфологиялық ерекшелік: дыбыстар түсіріліп, сөздер кейде қысқартылып айтылады, оқшау сөздермен эмоционалды экспрессивті сөз дер қолданылады;

• синтаксистік ерекшеліктер: сұраулы, лепті, толымсыз, риторикалық сұраулы сөйлемдер қолданылып, диалогке құрылады.