Өзара байланысы айқын емес тіркестер білдірейін деген ой-пікірді түсініксіз ете ді. Тіркестер мағыналық және синтаксистік байланысқа түспесе, ой жұтаңды ғын да аңғартады. Мысалы, көргенді шығарма, тиянақты табыс, үрдіс келбет сияқты тіркестер тіліміздің көркін келтіріп тұрмағаны белгілі. Бұл сөздерді еріксіз тіркестіргенмен, олардың арасында жатықтық, мағыналық үйлесімділік жоқ. Бұндай қолданыс синтаксистік нормадан ауытқу болып саналады. Сөздердің мағыналық байланыста айтылып, өзара тіркесе алу қабілеттілігі – олардың ең басты грамматикалық қасиетінің бірі. Сөз тіркесінің белгілерін, яғни құрамында кемінде толық мағыналы екі сөздің болуы, өзара сабақтаса (бағыныңқы, басыңқы сыңар) мағыналық, синтаксистік байланыста айтылуы – осыған дәлел. Мысалы, момын су, үркек тауық деп байланыстыру мүмкін емес, дұрысы – момын адам, үркек мал.