Әдеби тілдің сөзжасамдық нормалары

Cөзжасам – тіл біліміндегі жаңа мағыналы туынды сөздердің қалыптасуын, мағыналық дамуын және жасалу тәсілдерін зерттейтін сала. Сөзжасамның зерттеу нысанына туынды сөздің жасалу сипаты, әдіс-тәсілдері, қалыптасуы, жаңа мағынаның ішкі құрылымы т.б. жатады. Бұл күнде жанданған (активтенген) бірқатар жұрнақтар арқылы жасалған сөздердің норма болып танылуы осы модельдің тілдік жүйе де бұрыннан бар екендігін дәлелдейді. Ай талық, адамның қызметін, кәсібін, мамандығын білдіруде -шы жұрнағы тек қазақ, араб, парсы сөздерінен ғана емес, орыс тілінен енген сөздерден де жаңа тұлғалар жасайды. Әнші, егінші, тракторшы, комбайншы, футболшы дегендер ді былай қойғанда, бұл күнде гипнозшы, памфлетші, парашютші, саботажшы, парламентші, газетші сияқты ондаған туынды сөздің еркін жасалуына жалпы тілдік модель (үлгі) негіз болған, яғни бұл сөздерді қазақ тілі табиғатын бұзбайтын нормадағы тұлғалар деп тану керек. Ал тілдік нормаға сай келмейтін грамматикалық, сөзжасамдық құбылыстардың орын алу себептері әртүрлі болып келеді. Мысалы, оқырман, көрермен, сатарман, аларман, оралман деген жаңа сөздердің жасалуына себеп болған қазақ тілінде « ғасырдың , жартысында жүйені бұзып, пайда болған атарман, шабар ман сияқты бірді-екілі қолданыс сияқты. Мұндай негізі осал, яғни тілдік құ рылымға сәй кеспейтін нормалар кодификацияланбай, бірақ жарыса қолданылып жүре беруі әбден ықтимал. Тілдің табиғатынан шығып кететін нор малар бүкіл тілдік жүйені қамтымайды, жеке тұстарының ғана «шырқын бұзады». Сондықтан «норманың басты белгісі – тілдің құрылымдық табиғи заңдылықтарына сәйкес келіп отыруы» деген қағида әрдайым күшін сақтайды.